Қытай Латын Америкасының үстінен зонд жібергенін мойындады

Қытай Латын Америкасының үстінен зонд жібергенін мойындады
Сурет: Іnbusiness.kz

Қытай СІМ-нің АҚШ-тағы өкілі Мао Ниннің айтуынша, аэростат ауа райына байланысты маршруттан ауытқып кеткен, деп жазады CNN.  

Бейжің әуе шарының саяси мақсатта қолданылмағанын, тыңшылық жасамағанын айтады, деп жазады Almaty-akshamy.kz.  inbusiness.kz.-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні Латын Америкасы аспанында белгісіз нысан ұшып, кейін оның Қытайға тиесілі әуе зонды екені анықталды. Басында Бейжің техникаға иелік ететінін мойындамағанымен, Қытай елшісі ресми мәлімдеме жасап, түсініктеме беруге тура келді.

"Қытай - жауапкершілігі бар ел. Біз әрқашан халықаралық құқықты қатаң сақтадық. Барлық тиісті тараптарды хабардар етіп, ешбір елге қауіп төндірмейтін жағдай жасадық", - деді Мао Нин.

Бұл - Американың континентальды бөлігінде байқалған екінші аэрозонд. Бірінші зондты АҚШ әскери күштері ақпан айының басында анықтады. Көп ұзамай Қытай билігі аппараттың тек азаматтық функциялары бар екенін мәлімдеді. Алайда, бұл Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қытай астанасына барудан бас тартуына себеп болды.