Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын – Си Цзиньпин

Қытай Қазақстанға көмек көрсетуге дайын – Си Цзиньпин
Сурет: Elorda.info

«Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашаққа ұмтылады деп сенемін» - ҚХР төрағасы

Бүгін «Орталық Азия-ҚХР» онлайн саммитінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біз бәріміз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі төңкерісті шабыттандыруға, адам құқықтары деген сылтаумен ішкі істерге араласуға, халқымыздың тыныш өмірін бұзуға тырысуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға алып келді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашаққа ұмтылады деп сенемін», - деді Си Цзиньпин.