Қытай ғалымдары коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты

Қытай ғалымдары коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Сурет: Tengrinews.kz

Коронавирусты төрт сағатта анықтауға болады

Бұл әдісті зерттеушілер жасап шығарды. Қоршаған ортадан коронавирусты өз бетінше анықтайтын әдісті Қытай ғалымдары ойлап тапты. Олар бұл технологияны жақында өткен Олимпиада ойындары кезінде пайдаланған. Аталмыш жаңалықпен Цинхуа университеті, Бейжің университеті және қытайдың медициналық ғылымдар академиясы ғалымдарының ұжымы таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Зерттеушілер арнайы портативті коллектор жасап шығарды. Ол аспап ауадағы SARS-CoV-2 бөліктерін сорып алу мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге, құрылғы жұмыс істеп тұрған уақытта оның ішінде сұйық үлгілердің талдауы жүргізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл аспап - әлемдегі ең тиімді құрал. Ол коронавирусты төрт сағаттың ішінде анықтай алады.