Қытай банктері Ресейге қызмет көрсетуді тоқтатты

Қытай банктері Ресейге қызмет көрсетуді тоқтатты Cурет: Ашық дереккөз

Банк жеткізілімге доллармен қызмет көрсетуді толық тоқтатқан 


Қытайдың ең ірі мемлекеттік екі банкі Ресейде сатып алу бойынша мәмілелерге қызмет көрсетуді тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Industrial & Commercial Bank of China (ICBC) оффшорлық бөлімшелері Батыс банктерінен кейін ресейлік шикізат экспорттаушыларымен мәмілелерді жабу үшін аккредитивтер беруді шектеді.


Банк жеткізілімге доллармен қызмет көрсетуді толық тоқтатқан, алайда кейбір жағдайда юаньмен жасалған операцияларға аккредитивтер береді. Мұндай шешім жоғары басшылықтың мақұлдауын талап етеді. Сондай-ақ Bank of China ресейлік шикізатты сатып алуды қаржыландыруды шектеді. 


Bloomberg дереккөзінің мәліметінше, банк ұлттық қаржы реттеушінің егжей-тегжейлі ұсынысын күтеді. Осылайша, ҚХР Ресейге салынған санкцияларға ішінара қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42