Қытай алғашқы орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды

Қытай алғашқы орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды

Құрамында үш тайконавт (Қытайда ғарышкерлерді осылай айтады) бар «Шэньчжоу-14» ғарыш миссиясы ҚХР-ның «Тяньгун» («Аспан сарайы») алғашқы орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай басқарылатын ұшырылымдар ғарыш агенттігіне (CMSA)мәліметінше, «Шэньчжоу-14» ұшырылатын ғарыш миссиясы негізгі «Тяньхэ» модулінен және «Вэньтянь» және «Мантянь» зертханалық модульдерінен тұратын базалық үшмодульді құрылымы бар «Тяньгун» орбиталық станциясының құрылысын аяқтайды. Бұл миссияның экипажы алты ай орбитада болады.

CMSA директорының орынбасары Лин Сицянның айтуынша, орбиталық станция Ұлттық ғарыш зертханасына айналады. Бортында экипажы бар «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі осы жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен сағат 10:44-те ұшты.

Негізгі модуль орбитада бір жылға жуық уақыт болды, осы уақыт ішінде екі басқарылатын және екі жүк ғарыш кемесін жақындастыру және түйістіру, экипаждардың станцияда бірнеше ай болуы сияқты миссиялар аяқталды. «Тяньгун» ғарыш станциясы 10 жылдан астам уақыт бойы 340-450 км биіктікте жұмыс істейді.