«Кітап оқитын мектеп»

 Қазіргі қоғамда кітапты жастанып оқитын бала некен-саяқ. Балалардың кітап оқуға деген қызушылығын ояту мақсатында елімізде «Кітап оқитын мектеп» жобасы бастау алып отыр. Алмалы ауданындағы  №8 гимназияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында және «Кітап оқитын мектеп»  жобасы  шеңберінде бастауыш мектептің сынып жетекшілері қызықты іс-шара өткізді.  Олар  қызықты бастама көтеріп, «Буктрейлерлер» құрды. Соңғы уақытта қолданысқа ене бастаған  буктейлерлер  сөзінің  мағынасын  екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.

Буктрейлер дегеніміз – оқып шыққан кішігірім шығарма жайлы шағын жарнамалық бейнеролик. Оның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, екі минуттық бейнебаян арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты тудыру.

Қазіргі  балалардың бәрі бірдей кітап оқығанды жақсы көре бермейді. ешкімге құпия  Олар бос уақыттарын компьютер ойындарына, әлеуметтік желіде  өткізеді.

Қазіргі кезде  ұстаздар мен ата-аналардың алдында  балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын  қалай тудырамыз деген мәселе тұр.

Өйткені, кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп,  сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, адамгершілік қағидаларының қалыптасуына  ықпал етеді. Дәл қазір мектеп мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларын көркем  әдебиетті  оқуға ынталандыру   үшін жаңа бір әдісті қолдануды жөн көріп отыр.    Мұғалімдердің  инновациялық әдістің бір түрі  болып табылатын буктрейлерді қолдануы оң нәтиже береді деп күтілуде. Жалпы,  мұндай  тәжірибені  барлық сыныптарда  қазақша, орысша, ағылшынша өткізуге болады.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері буктейлерді  құруға ат салысып жүрген оқушылар мен  олардың ата-аналарымен қыруар жұмыс атқарып жатыр.

Балалардың сүйіп оқитын шығамаларын таңдау, таңдап алынған туындылар бойынша иллюстрациялар, фильмдерден және мультфильмдерден үзінділер және оларды музыкамен көркемдеу бойынша кеңестер беруде.  Кей буктрейлерлерді балалардың өздері дыбыстайды. Оқушылар мен олардың  ата-аналары  бейнебаяндар дайындау барысында белсенділік танытуда.

Үздік деп танылған 20 буктрейлер жұмысы «Бастауыш сыныптар онкүндігінде» көрермен назарына ұсынылды.  Олардың барлығының  жанры, музыка таңдау тұрғысынан сан алуан,  әрі әсем иллюстрацияланған.  Кәдімгі  қызықты бейнебаяндар  пада болған.

Рая Ескендір

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *