Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны артты

Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны артты
Сурет: Novostipmr.com

Өткен күні 29 411 жағдайын анықталды.

Қытай билігі өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 29 411 жағдайын анықтады. Бұл пандемия басталғаннан бері тіркелген жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте анықталған 3 020 жұқтырған адамда COVID-19 ауруы клиникалық белгілерімен (қызба, жөтел, әлсіздік) анықталды. Қалған 26 391 адамда ауру симптомдары байқалған жоқ. 

Пандемия басталғаннан бері Қытайда ресми түрде коронавирусты жұқтырудың 171,3 мың расталған жағдайы тіркелді (ҚХР билігі статистикаға асимптоматикалық пациенттер туралы деректерді қоспайды).