Қысқы велошеруде елордалық азамат рекорд орнатты

Қысқы велошеруде елордалық азамат рекорд орнатты
Сурет: Qazaqtv.com

Ернат Қашқынов 150 шақырымды 9 сағат 56 минутта бағындырды

Елордалық Ернат Қашқынов соло тәсіліндегі велошеруде рекорд орнатты. Қысқы велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Шара ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өтті. Велошабандоздың айтуынша, қысқы марафонның ерекшеліктері уақыт межесін бағындыруда айтарлықтай әсер еткен.

«Қысқы веломарафонға қатысып, жазғы веломарафон түк емес екенін түсіндім. Енді қыста жаздағыдай зымыратып жүре алмайсыз. Ең ұзақ жүре алғаным 15 шақырым болды. Жазда 30 шақырымға дейін барады негізі. Қазір жердің бәрі мұз», - деді әуесқой велошабандоз Ернат Мелсұлы.