Қысқы Универсиадада спортшылар шаңғымен қоссайыстан сынға түсті

Қысқы Универсиадада спортшылар шаңғымен қоссайыстан сынға түсті
сурет:olympic.kz

Сайысқа барлығы он тоғыз спортшы қатысты.

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада спортшылар шаңғымен қоссайыстан сынға түсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстан құрамасынан аталған сайыста Мағжан Амангелдіұлы мен Әли Асқар жарыс жолына шықты.

Жарыстың алғашқы кезеңінде спортшылар трамплиннен секіруден бақ сынады. Бұл жолы Мағжан Амангелдіұлы 81.5 балл жинап, 13-орын алды. Ал Әли Асқар 59.4 баллмен 17-орынға тұрақтады.

Алғашқы кезең нәтижесімен жапониялық Сакутаро Кобаяси 138.6 балл жинап, жеңімпаз атанды.

Сайысқа барлығы он тоғыз спортшы қатысты.

Ал 15 қаңтарда 10 шақырымға еркін мәнермен шаңғымен жарыс өткізіледі.