Қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы екінші алтынды қанжығалады

Қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы екінші алтынды қанжығалады
Сурет: Syrboyi.kz

Осылайша, Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-шы орынға көтерілді.

Дүбірлі дода АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. 12 қаңтарда басталған Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

Осылайша ел құрамасы екі алтыннан кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұдан бұрын құрама 10-орында тұрған еді.

Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен – төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.