Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін
Сурет:wildticketasia.com

Осы мақсатта жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Желтоқсанның 8 күні Медеу ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы парктер мен демалыс орындарының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала басшысының сөзінше, қазір Кіші Алматы өзенінің терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Кіші Алматы өзенінің терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедурасы жүргізілуде. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың III тоқсанында аяқталады»,- деді Ерболат Досаев.