Қыс ішінде Шымкент көшелеріне гүл егілді

Қыс ішінде Шымкент көшелеріне гүл егілді
Сурет: Newtimes.kz

Шымкент көшелеріне желтоқсан айында гүл егілді.

Әлеуметтік желіде Шымкент көшелеріне гүл егіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлері туралы видео тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Facebook-ке орналастырылған видеоға оқырмандар да түрлі пікір жазып жатыр. Олардың арасында «Қыстың уақытында гүлден бөлек қаншама проблемалар көп. Гүл солып қалады, ешкімге қажеті жоқ. Қаражатты ысырап жасағанша, өзге мәселелерге жұмсаса, жақсы болар еді», «Кайран, Шымкент, барлық жағынан алда», «Жер тоң, түнде -8-10 болып жатыр, үсіп кетеді емес пе?» деген пікірлер бар.

Бұл мәселеге қатысты Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ресми түрде жауап берді.

«Қазіргі таңда қаламызда көктем маусымында ерте гүлдейтін қызғалдақ және хризантема гүл көшеттері егіліп жатыр. Аталған гүлдер жылда осы уақытта егіліп, көктемде гүлдейді. Сондықтан гүлдердің өсуінде мәселе туындамайды», - делінген мәліметте.