Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов Алматыға шақырылды

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов Алматыға шақырылды
Cурет: Inbusiness.kz

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінен өзінің қауіпсіздігіне кепілдік беруді сұрады

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тергеу амалдары үшін Алматыға шақырылды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Викрам Рузахунов алғашында тергеуге келуден бас тартқанын атап өтті. Ол Қазақстанда кешкен қорқыныш пен соққы әлі естен кетпегенін жеткізді.

«Адвокатым Нұрбек Токтакунов антикоррупциялық қызмет тергеушілеріне осында (Қырғызстанға) келуге ұсыныс жасады.  Олар телефон арқылы мені ұстаған жерді, әкелген мекемені, мені соққыға жыққан камераны өзім көрсетуім маңызды екенін айтты», - деп жазды Рузахунов. Музыкант Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі өзін Қазақстанға келуге көндіргенін, ол адвокатымен келетінін атап өтті.

Сондай-ақ Викрам Рузахунов әлеуметтік желідегі жазбасына агенттіктің хатын тіркеді. Айта кетейік, биыл Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған музыкант Викрам Рузахунов қазақстандық құқық қорғаушылар күш қолданғанын мәлімдеген Ол жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан, алайда полицейлер бұл ақпаратты тексермеген.