Қырғызстанда арқарлар қырылып жатыр

Қырғызстанда арқарлар қырылып жатыр
Cурет: Inform.kz

Қар жылдам еріп, жолдар шайылып жатыр

Қырғызстанның табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі Ыстықкөл облысы Жеті-Оғыз ауданында арқарлардың қырылу себебін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, инспекторлар тексеріс жүргізген. Олардың айтуынша, қар қалың жауып, соның салдарында азық болмай қалған. Бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеліп отыр.

Құмтөр ауданында 11, Сарычат-Эрташ қорығында 24, барлығы 35 арқардың қырылғаны анықталды.

«Бүгінгі таңда бұл жерлерде қар жылдам еріп, жолдар шайылып жатыр. Сондықтан, өлген жануарлардың нақты санын анықтау мүмкін емес. Қосымша ақпарат кейінірек болады», - делінген хабарламада.