Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалып кетті

Қырғызстан тауларында альпинистер жоғалып кетті Сурет: ашық дереккөз

Туристер соңғы рет 19 шілдеде байланысқа шыққан.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды. 


Жоғалған альпинистер тобында төрт адам болған, олардың үшеуі - ресейлік және Литваның бір азаматы. 



"11 шілдеде альпинистер "Ақсай трэвел" компаниясы және туристік сақтандыру полисімен келісімшарт жасап, Ыстықкөлдегі лагерьге қоныстанды. Сол күні Жеңіс шыңына аттанды. Соңғы рет туристер тобы 6900 метр биіктікті бағындырып, 19 шілдеде байланысқа шыққан", дейді баспасөз қызметінің өкілі.



"Ақсай трэвел" топтың спутниктік орнын анықтап, 24-26 шілдеде жалға алынған тікұшақпен іздеу операциясын жүргізді, алайда одан нәтиже шықпаған.


Министрлік мәліметінше, 27 шілдеде Ресейдің ТЖМ-не жедел-іздеу шараларын өткізу бойынша ресми сұраныс түсті. Сол кезде альпинистерді іздеуге "Эдельвейс" отрядының 7 құтқарушысы мен Қырғызстанның республикалық жеке құтқарушы отрядының 16 қызметшісі қосылды. 



"Қазіргі таңда ТЖМ қызметкерлері көшкін жүру мен шыңға шығудың басқа да қатерлерін ескере отырып, іздеу жұмыстарын қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанып жүргізуде", деп атап өтті ведомствода.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17