Қырғызстан қазақтары қауымдастығының экс-басшысы бас бостандығынан айырылды

Қырғызстан қазақтары қауымдастығының экс-басшысы бас бостандығынан айырылды
Сурет: Inbusiness.kz

2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков мемлекетке опасыздық жасағаны үшін екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24 kg сілтеме жасап.

«Бішкек қаласының Бірінші Май аудандық сотының үкімімен Токтоучиков Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Мемлекетке опасыздық» бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған екі жыл алты ай мерзімге жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Токтоучиков мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 2021 жылдың сәуірінде ұсталды. Онымен бірге Қырғыз-Ресей Славян университетінің халықаралық қатынастар факультетінің саясаттану кафедрасында жұмыс істеген саясаттанушы Марат Қазақпаев та дәл осындай айыппен ұсталды.

Қазақпаев пен Токтоучиков Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) тергеу изоляторына қамалды. 2022 жылы 9 маусымда Қазақпаев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Бішкектегі №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. 10 маусымда комадан шықпай, ауруханада қайтыс болды.