Қырғыздың денсаулық сақтау министрі қамауға алынды

Қырғыздың денсаулық сақтау министрі қамауға алынды
Cурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Мемлекетке 1 миллиард 581 миллион 474 мың 315 сом көлемінде залал келтірілген

Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиев ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 24kg Әлімқадыр Бейшеналиевтің сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінгенін хабарлады.

2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасы Ресей, Қытай, Әзірбайжан және Қазақстанның халықаралық ұйымдарынан өтеусіз негізде гуманитарлық көмек түрінде 451 мың 560 вакцина алынғаны айтылады.

«Сонымен қатар, Қытай мен Ресей президенттерімен болған келісім аясында елге гуманитарлық көмек ретінде 6 миллион доза вакцина бөлінді. Денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиевтің жеке нұсқауы бойынша 2021 жылдың сәуір, маусым, шілде және қыркүйек айларында шетелдік жеке компаниялардан 1 миллиард 581 миллион 474 мың 315 сом келіп түсті. Вакцинаның 2 миллион 460 мың дозасы негізсіз сатып алынды. Ақша оффшорлық шоттарға аударылды. Вакцинаның 3 миллионнан астам дозасы артық болғандықтан, қалған препараттардың жарамдылық мерзімі өтіп кетті»,-делінген хабарламада.

Мемлекетке 1 миллиард 581 миллион 474 мың 315 сом көлемінде залал келтірілгені айтылады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Министрге және ведомствоның басқа да қызметкерлеріне қатысты бес қылмыстық іс тергеуге алынды.