Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болып, 1 адам зардап шекті

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болып, 1 адам зардап шекті
Cурет: Ашық дереккөз

Тәжікстан тарабы қырғыздарға гранатомет пени миномет қолданған

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды. Бұл оқиғаға екі елдің ресми орындары түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қырғызстандық Кабар агенттігінің хабарлауынша, оқиға кеше таңғы сағат 6-7 шамасында Баткен облысы Бұлақ-Басы елді мекенінде болған. Тәжікстан тарабы қырғыздарға гранатомет пени миномет қолданған. Қазіргі кезде жағдай біршама тұрақтанғанмен шекарадағы мәселе күрделі болып қалуда. Тәжікстан мен Қырғызстан бірқатар шешім қабылдаған.

Ал Тәжікстанның мемлекеттік Ховар агенттігі таратқан мәлімет бойынша, шекарадағы «Кех» бекетінде қарулы атыс болған. Оның салдарынан Тәжікстан шекара қызметінің командирі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Осы оқиғаға орай Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме таратты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы қаңтар айында Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қақтығыс болып, екі елдің әскери қызметшілері Баткен ауданына қарасты Төрт-Көчө деген жерде бір-біріне оқ жаудырды.

ҚазАқпарат тілшісі тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдың қалай ушыққаны туралы жан-жақты ақпарат берген болатын.