Қырғыз Республикасы Туының түсі мен Әнұранының сөзін өзгертуі мүмкін

Қырғыз Республикасы Туының түсі мен Әнұранының сөзін өзгертуі мүмкін
Сурет: Karavan.kz

Көрі ел байырғы туларының кейпін қайтаруды көздеп отыр.

Бейсенбіде қырғыз Парламентінің отырысында депутаттардың бірі Мемлекеттік Тудың түсі мен Әнұран мәтінін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Депутат қазіргі Тудың қызыл түсі КСРО кезінде таңдалғанын айтып, мұндай түс агрессия мен соғысты меңзейтінін айтты.

"Тарихқа жүгінсек, қырғыздар туы көк түсті болған. Сондықтан біз байырғы туымыздың кейпін қайтаруымыз тиіс. Қазірдің өзінде осы бағытта заң жобасы дайындалуда. Оған қоса, Әнұранда кейбір сөздерді түзету қажет. Біздің тарихи рәміздерімізге қайта оралу уақыты келді", - деді ол.