Кино экипажы бар ғарыш кемесі Жерге оралады

Кино экипажы бар ғарыш кемесі Жерге оралады
Cурет: РИА Новости

12 күн ғарышта болып, «Вызов» кинофильмін түсіріп жатқан ресей киноэкипажы жерге оралады

 Режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд ғарышкер Олег Новицкиймен бірге «Союз МС-18» ғарыш кемесімен кері қайтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Киноэкипаж кемесі халықаралық станциядан ажыратылды, қазір «Союз МС-18» жерге оралуда.