Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген негіздер бойынша күдіктілерді қамаудан босату бойынша жұмыс жүргізілуде – ІІМ

Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген негіздер бойынша күдіктілерді қамаудан босату бойынша жұмыс жүргізілуде – ІІМ
Cурет: Ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі ұсталған адамдардың жеке басын ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген негіздер бойынша күдіктілерді күзетпен ұстаудан босату жөнінде де жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.  

«Өткен аптада қадағалаушы прокурормен келісім бойынша бұлтартпау шарасы 9 адамға қатысты үй қамағына, 6 адамға қатысты шықпау туралы қолхатқа өзгертілді, бұл ретте босатылған адамдар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Босатылған адамдардың жалпы санын Бас прокуратура өкілі жариялады. Сонымен қатар, бірқатар күдіктілерге, олардың жеке басын және жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, негізінен аз ғана залал болған жағдайда, қамауға алынбай, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды. Мұндай күдіктілердің саны, қамауға алынғандарды есептемегенде, қазіргі уақытта 200-ден асады», - деді ол.