Киіктің саны 1 миллионға жетті

» width=»800″ height=»450″ />Кең сахарада 2 миллионға жетіп, кейін 20 мыңдайы ғана қалған киік баласының саны биыл 1 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қазір далада ақбөкен төлдеп, құралайдың салқыны басталды. Иен далада осы киіктің құралайын көріп, жаңа әзірде ғана жолдан оралған табиғат жанашырымен тілшіміз тілдесіп қайтқан еді.

Далада киік төлдеп жатыр. Көктемнің мамыражай шағы туып, қозы-лақ отыға бастаған осы сәтте аяқ астынан далада ызғар есіп, жауын жауатыны бар. Дәл осы сәтті қазақ құралайдың салқыны деп атайды. Қазір Қарағанды, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жауын жауып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті. Ақбөкендер осы суық кезінде жаппай төлдеп, құралайын өргізеді.

Ерте дәуірден бастап адам баласымен бірге жасасып келе жатқан киік баласының саны 80-жылдары 2 миллионға дейін жеткен. Ал 90 жылдардың басында иен далада небары 20 мың бастай ғана қалды. 2008 жылғы санақта 58 мың болып, одан кейін көбейе түскен. 2015 жылы 295 мың 500-ге жетсе, 2016 жылғы санақта түз тағысы күрт азайып, мамандар тек 108 мың 300 бас киікті санаған. Одан кейін қайта ұлғайып 2018 жылы 215 мың 100-ге жетті. 2019 жылдағы санақ бойынша 334 мың 400. Былтыр пандемияға байланысты санақ жүргізілмеді. Дегенмен, биыл табиғат жанашырлары киік санының анағұрлым көбейгенін айтып отыр.

Эколог Сәкен Ділдахметтің болжауынша ақбөкеннің жалпы саны қазір 1 миллионға жетіп қалған.

Биылғы киік санағының нақты қорытындысы келесі айда жария етіледі. Айта кетейік, ендің ғана бауырын көтеріп жатқан құралайлар санаққа алынбайды. Тек келер жылы ған есепке кіреді, — дейді Сәкен Ділдахмет.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/kiiktin-sany-1-millionga-zhetti/

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *