Kids go free тиімді ме?

Kids go free тиімді ме? Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Жыл басынан бері Kids go free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтылды.


Ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Kids go free – Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген отбасылық туризмге арналған бағдарлама.


Inform.kz-тің ақпаратына сүйенсек, қазақстандықтар туристік оператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып алғанда 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилет ала алады. Бағдарлама аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды.


Мәселен, маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген. Бірден 3 немесе одан да көп баласы бар 3 отбасы жоспарланған бюджеттің 40 пайызынан астамын үнемдеген.



«Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес алыңыз және отбасыңызға сәйкес келетін тур пакетін таңдаңыз. Қажетті құжаттарды ұсынып, тур пакетін сатып алу үшін келісімшарт жасаңыз және балаларыңыз үшін тегін әуе билетін алыңыз», - дейді МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0