ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қысқартылды

ХҚКО-лардың жұмыс кестесі  қысқартылды
Сурет: 24.kz

Еліміздің барлық облысында ХҚКО-лар бес күн ғана жұмыс істейді.

ХҚКО-лардың жұмыс кестесі де қысқартылған, фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынатын болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, бір күнде қабылдауы мүмкін азаматтардың саны шектеліп отыр.

Халықтың көпшілігін қамту және брондау мүмкіндігін қолжетімді ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерде қызмет көрсету уақытын 20 минуттан 15 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл брондауға болатын слоттардың санын 25%-ға арттырды.

Ескі брондау жүйесі кезінде сағатына үш уақыт слоты қолжетімді еді, қазір төртке жетті.

Нақты айтқанда, бір қызметкер бір сағат ішінде 4 клиентке қызмет көрсете алады.

Азаматтардан ХҚКО-ға барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтау, бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Ғимаратқа кіру Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.