Хоккейден бірде-бір легионерсіз өткен ойын қандай нәтиже берді?

Хоккейден бірде-бір легионерсіз өткен ойын қандай нәтиже берді?
Сурет: Elorda.info

Хоккейден Латвия мен Финляндияда өткен әлем чемпионаты аяқталды.

 Қазақстан құрамасы біріншілік басталмай тұрып, 16-орында болатын. Бірақ жерлестеріміз Норвегия, Словакия, Словениядан басым түскен соң, 15-орыннан көрінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Elorda.info ақпаратына сүйенсек, бүгін IHHF сайты әлемдік рейтингті жаңартты. Рейтинг бойынша Канада құрамасы 1-орынға көтерілді. Ал 70 жылдан кейін жүлде алған Германия 9-орыннан 5-ке жоғарласа, алғаш рет қола жүлде иеленген Латвия 11-ден 10-шы орынға жайғасты.

1. Канада (4150)

2. Финляндия (4080)

3. Ресей (4050)

4. АҚШ (3940)

5. Германия (3835)

6. Швеция (3800)

7. Швейцария (3775)

8. Чехия (3735)

9. Словакия (3690)

10. Латвия (3610)

...15. Қазақстан (3170)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бірде-бір легионерсіз өнер көрсеткен болатын.