Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері Жапонияны ойсырата жеңді

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері Жапонияны ойсырата жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы екінші ойынын Жапонияға қарсы өткізді

Францияның Анже қаласында 1А дивизионында бүгін екінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қазақстандық хоккейшілер кездесу барысында сенімді ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің 18-минутында ел құрамасынан Артур Гросс көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Екінші кезеңде қазақстандық Кирилл Ляпунов 21-минутында есепті үстемелей түсті. 

Үшінші кезеңде ел құрамасынан Александр Ким 41-минутта басымдықты арттырса, Кирилл Ляпунов 44-минутта тағы бір мәрте гол соқты. 

Кездесу нүктесін 58-минутта Абай Бейсембаев қойды. Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.