Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасының қарсыласы кім?

Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасының қарсыласы кім?
1obl.ru

Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды,

Дүбірлі дода 2024 жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польша. Ойындар Острава қаласында болады.

Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары сынға түседі.