Хоккей: Бүгін «Металлург» пен «Барыс» кездеседі

Хоккей: Бүгін «Металлург»  пен «Барыс» кездеседі
Сурет: Іnform.kz

Дүбірлі дода болғалы тұр

Бүгін 29 қыркүйекте «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ маусымындағы кезекті матчын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Елордалық клуб Магнитогорскте «Металлургпен» кездеседі.

Қазіргі таңда ресейлік ұжым Шығыс конференциясында көш бастап тұр.

«Металлург» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.