Хоккей: «Барыс» бүгін «Северсталь» командасымен кездеседі

Хоккей: «Барыс» бүгін «Северсталь» командасымен кездеседі
Сурет: Inform.kz

Елордалық «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ойын елорда уақытымен 20:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде тоғыз ойыннан 9 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 14-орында келеді. Ал тоғыз ойыннан кейін 9 ұпай жинаған «Автомобилист» 15-орынға жайғасқан.

Соңғы он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. 2021 жылдың 24 қазанында елордада өткен кездесуде «Барыс» 2:3 есебімен жеңілсе, сол жылдың 20 қарашасында сырт айдында овертаймда 4:3 есебімен тізе бүктірді.