Хиджабқа қатысты заң қайта қаралады

Хиджабқа қатысты заң қайта қаралады
novoye-vremya.com

Иранда әдет-ғұрып полициясы таратылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ, билік хиджаб киіп жүруге қатысты заңды қайта қарауға ниетті. Себебі елде қыркүйек айында басталған наразылық шаралары әлі де жалғасып жатыр. Толқуларға Махса Амини есімді студент қыздың өлімі себеп болды. Бойжеткен дәл осы әдет-ғұрып полициясы хиджабты дұрыс кимедің деп ұстап, учаскеге апарғанда көз жұмады.

Содан шерулер басталып, полициямен қақтығыстар жиіледі. 300-ден аса адам қаза тауып, 14 мыңнан аса кісі қамауға алынған.