Харьковке тағы шабуыл басталды

Харьковке тағы шабуыл басталды
Cурет: 24.kz

Киев пен өзге қалаларды атқылау күшейген.

Ресей тарапы Украинаның екінші ірі қаласы Харьковті тағы зымыранмен атқылап, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

13 тұрғын жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, шаһарда бірнеше бомба жарылған. Солардың бірі көп қабатты тұрғын үй мен ауруханаға түскен. Сонымен бірге бір балабақша қираған. Осы оқиғадан кейін қала мэрі шаһар халқын арнайы орындарды паналауға немесе қауіпсіз аудандарға көшуге шақырды. 

Сарапшылардың айтуынша, Ресей әскері Украинаның солтүстігінде қатты қарсылыққа тап болған соң Донбасқа қарай шабуылды үдетіп, Киев пен өзге қалаларды атқылауды күшейткен. 

«Христиандар үшін қасиетті күннің өзінде де жау Харьковті бомбалауын қоятын емес. Біз тоқтаусыз бомбаланып жатқан қауіпті аудандардан халықты эвакуациялап жатырмыз. Мен үнемі оқ борап тұрған осындай аумақтардағы тұрғындарды өзге қауіпсіз аудандарға көшуге шақырамын. Сіздерге біздің еріктілер көмектеседі»,- деді Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов.