Халқымыздың қазанат жылқы тұқымы қайта жаңғыртылмақ

Халқымыздың қазанат жылқы тұқымы қайта жаңғыртылмақ
Сурет: Ghtoys.ru

Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек!

Қазақтың қазанат жылқы тұқымын жаңғырту үшін арнайы Жол картасы әзірленуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Осыдан 6 мың жыл бұрын Қамбар ата төлі тұңғыш рет Қазақстан жерінде қолға үйретілгені ғылыми дәлелденген.

Осылайша бабаларымыз қамыс құлақ, бөкен қабақ, жібек жал, күпшек сан, құйма тұяқ деп сипаттап, Қабанбай мінген Қубастың, Ақан сері тақымдаған Құлагердің, Қобыландының Тайбурылының ізі болар таза қанды арғымақтарды шығарды.

Бүгінде «қостанайлық» деп аталатын қазақтың асыл тұқымды аттарын сақтап, дамыту мемлекеттік деңгейде қолға алынған.

«Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов осыған байланысты бейресми, ресми бірнеше жиналыс жасап, мемлекеттік құзырлы органдарға тапсырма берді. «Қостанай» тұқымына жай жылқы емес, брендіміз, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында шығарған үлкен бір дүниеміз ретінде қарауды тапсырған хаттамалар шықты. Бұл Жол картасы бірнеше жұмысты қамтиды. Оның ішінде селекциялық жұмыстарды күшейту және зауыттың өмірін қайта қалпына келтіру бар», - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.