Халқымыздың бірлігі – елдің егемендігі мен дербестігінің кепілі

Халқымыздың бірлігі – елдің егемендігі мен дербестігінің кепілі Сурет: Bugin.kz

Әлем бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер кезеңінде тұр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі қазіргі саяси ахуалға тоқталып, халықтың бірлігі еліміздің егемендігінің кепілі екенін баса айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның сөзінше, халқымыздың бірлігі - біздің баға жетпес байлығымыз әрі стратегиялық артықшылығымыз. Бүгінде әлем жоғары геосаяси турбуленттілік пен бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер кезеңіне аяқ басты. Қақтығыстар мен соғыстар көбейіп, елдер арасындағы сенімсіздік күрт артты.



«Мұндай күрделі кезеңде халқымыздың бірлігі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудың маңызы ерекше. Бұл – еліміздің одан әрі ілгерілеуінің, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтаудың, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет