Халықаралық вокалистер байқауы басталды

Халықаралық вокалистер байқауы басталды
Сурет: Еgemen.kz

ХI халықаралық байқау Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен әнші шығармашылығының 70 жылдығына орай өткізіліп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласында Бибігүл Төлегенованың ХI халықаралық вокалистер байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2004 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан конкурс еліміздің мәдени өміріндегі ерекше шараға айналған.

Биылғы конкурсқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген 70-ке жуық вокалист қатысады.