Халықаралық білім додасында бақ сынаған қазақстандық оқушылар 26 жүлдені еншіледі

Халықаралық білім додасында бақ сынаған қазақстандық оқушылар 26 жүлдені еншіледі
Сурет: Fnn.kz

Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадасында 26 жүлдені еншіледі

Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадасында 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль иеленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz. Білім бәйгесі онлайн форматта өткен. Әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы бақ сынасты. Нәтижесінде 26 отандасымыз биология, информатика, география, физика-математика сындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Жүлдегерлер мен мұғалімдерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Еске салсақ, өткен жылы осы жарыста 16 оқушымыз жүлделі орындардан көрінген еді.

«Әлемнің ең мықты университетіне жолдама алды. Олар академиялық жетістіктеріне мән береді. Орын алған балаларды кеше ғана министр Асхат Аймағамбетов марапаттады, облыс әкімдері де марапаттап жатыр. Мұғалімдерімізге, оқушыларымызға Дубайда бес жұлдызды қонақ үйге жолдама беріп жатырмыз», - деді «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте.