Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтеді

Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтеді
Сурет: Gmirk.kz

Көрмені 2021 жылдың 14 қарашасына дейін тамашалауға болады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» өкілдігінің қатысуымен 2021 жылы 4 қарашада сағат 13.00-де көрменің бесінші мерейтойлық салтанатты ашылу рәсімі болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«МӘҢГІЛІК БІРГЕМІЗ» атты көрме адамзаттың ғарышқа тұңғыш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналған.

«Мәңгілік біргеміз» авторлық интерьерлік қуыршақтардың халықаралық мерейтойлық көрмесі Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде оқушылардың күзгі демалыс күндерінде бесінші рет өтеді. Көрмеге авторлық интерьерлік қуыршақ өнерінің түрлі бағытын көрсететін 100-ден астам шебер мен шығармашылық бірлестіктер қатысады. Көрме болған бұрынғы төрт жыл ішінде Ресей, Қазақстан, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан, Белоруссияның 120-дан астам қуыршақшы шеберлері өз өнерлерін көрсеткен болатын. Олардың шығармаларын көрмеге келген 30000-дай адам көріп, тамашалады. 2021 жылы көрмеге қойылған туындылардың тақырыбы – «Алыс және жақын жұлдыздар».

Көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. «Ғарышта тұңғыш рет» деп аталатын жұмысы мерейтойлық 2021 жылғы экспозицияның ресми қуыршағы болып отыр. «Мәңгілік біргеміз» авторлық интерьерлік қуыршақтар жобасы тарихында осы қуыршақ алғаш рет 2021 жылы 8 желтоқсанда жүк кемесімен Халықаралық ғарыш бекетіне жеткізіліп, қайтып келген соң ол Халықаралық ғарыш бекетінде ресейлік кино тобының құрамында ұшқан актриса Юлия Пересильдке тапсырылатын болады.