Халықтың өтініші негізінде Алатау ауданында маршруттар ұзартылып, жаңартылды

Халықтың өтініші негізінде Алатау ауданында маршруттар ұзартылып, жаңартылды
Сурет: Kapital.kz

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша 20 аялдама салу жұмыстары басталып кетті.

Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданында барлығы 50 аялдама кешені салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шағынаудандағы №129 маршрут "Қарасудағы" №179 мектепке дейін ұзартылды және №132 бағытты автобус «Массагет» бизнес орталығына дейін баратын болды. Осы бағыттардың әрқайсысына 2 автобустан қосылды.

Сондай-ақ "Қарасуда" ("Қарасу  шағынауданынан «Адем» сауда орталығына дейін) №35 жаңа маршрут, ал "Мәдениет" ықшамауданында №24 (СК Мәдениеттен "Өжет" шағынауданына дейін) жаңа автобус бағыты ашылды.

"Шаңырақ-"1 ықшамауданындағы №103 және "Дархан  ықшамаудандағы №69 бағыттың жылжымалы құрамы жаңартылды. Осы жылдың тамыз айының соңына дейін «Теплоэнергетик» бағбандық қоғамы тұрғындарының өтініші бойынша ұзындығы 18 шақырым болатын №142 жаңа бағыт (ЖЭО-2-ден Төле би – Яссауиге дейін) іске қосылады», - деді қала басшысы аудан тұрғындарымен кездесуде.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша 20 аялдама салу жұмыстары басталып кетті. Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданында барлығы 50 аялдама кешені салынады. 2022 жылдың соңына дейін аялдамалардың жетіспеушілігі толығымен шешілуі керек.