«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасын қаржыландыру ұлғайтылды

«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасын қаржыландыру ұлғайтылды
Сурет: Inform.kz

300 млн-нан 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Жетісу ауданынан түсетін  шағымдардың жартысына жуығы аулаларды абаттандыру немесе жөндеу жұмыстарына қатысты.Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен өткізген кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімнің айтуынша, қоғамдық кеңістіктердің жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасын қаржыландыру 300 млн-нан 1,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

«Тұрғындардың ұсыныстары бойынша 23 жоба іріктелді, оның ішінде 3 ірі жоба Черновицкая көшесіндегі Есентай өзенінің жағалауы; Коперник көшесіндегі Кіші Алматы; Омаров көшесінен Қазыбаев көшесіне дейінгі Қарасу. Сондай-ақ, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары жөнделеді, балалар, спорт алаңдары мен футбол алаңдары орнатылады», - деді қала әкімі.

Жоба аясында Гүлдер саябағы мен Айнабұлақ -1 және Айнабұлақ-3 шағын аудандарындағы суару және жарықтандыру жүйелері қалпына келтіріледі. Айнабұлақ-1 және Айнабұлақ-3. Көкмайса шағын ауданында Есентай өзені жағалауының бойына саябақ салынуда. Иттерді серуендетуге арналған алаң болады.

Биыл Рысқұлов/Сүйінбай даңғылындағы көпір астындағы спорт саябағының, Айнабұлавқ -1 шағын ауданы Есентай өзенінің бойындағы Жастар саябағының,  Көкжиенк шағын ауданындағы, М. Жұмабаев көшесіндегі  жаяу жүргіншілер аймағының  құрылыстары басталады.