«Халықтың бюджетке қатысуы» жобалары бойынша дауыс беру аяқталды

«Халықтың бюджетке қатысуы» жобалары бойынша дауыс беру аяқталды
Cурет: Inform.kz

2022 жылы барлығы 1251 жоба келіп түскен

19 қыркүйекте абаттандыру бойынша қала тұрғындарының ұсыныстары үшін дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дауыс беру нәтижесімен және іске асыруға жіберілген жобалар тізімін budget.open-almaty.kz сайтындағы 2022 жылғы «Жобалар бойынша материалдар» бөлімінен көруге болады. 

2022 жылы барлығы 1251 жоба келіп түскен, оның 525-і дауысқа салынды. Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 184 жоба іске асыруға жіберілді.