«Халықтың бюджетке қатысу» жобасы аясында Түрксіб ауданында қандай іс атқарылатынын белгілі болды

«Халықтың бюджетке қатысу» жобасы аясында Түрксіб ауданында қандай іс атқарылатынын белгілі болды
Сурет: 24.kz.

Түрксіб ауданы бойынша 28 жоба іріктеп алынған.

Үстіміздегі жылы «Халықтың бюджетке қатысу» жобасына 800 млн теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматыдағы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Тұрғындардың ұсыныстары бойынша 28 жоба іріктеп алынды. Оның ішіндегі ірі нысандар – Сейфуллин мен Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы кіреберісті абаттандыру, Ақкербез көшесіндегі жағалау аймағын реконструкциялау, Майлин көшесі, 54 мекенжайындағы скверді ұзарту. Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Биыл «Аспан» паркін абаттандыру, Маяк тоғайын күрделі жөндеу, сыртқы жарық желілерін, орындықтарды, Work out алаңдарын орнату жоспарланған», - деді Ерболат Досаев. 

Әкімнің айтуынша,қала тұрғындарының демалыс орындарына еркін баруына жағдай жасау мақсатында жылдың басында

«Алтай-1» шағынауданында жаяу-серуендеу аймағы салынды, 2022 жылдың соңына дейін Молдағалиев көшесінде тағы бір серуендеу аймағын құру жоспарланған.