Халықты жұмыспен қамту орталығы Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылады

Халықты жұмыспен қамту орталығы Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылады Сурет: El.kz

Еңбек министрлігі «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек ұтқырлығы орталықтары болып қайта құрылатыны жазылған. Сонымен қатар, органның қызмет құзыреті кеңейеді.


«Әлеуметтік кодекстің қабылдауына байланысты жұмыс нәтижесі бойынша мамандарды қосымша ынталандыру үшін «Халықты жұмысты қамту орталықтары Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылады. Еңбек ұтқырлығы орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы», - делінген құжатта.


Бұйрықта көрсетілгендей, Еңбек ұтқырлығы орталығының аудан, облыс және республикалық маңызы бар қалалардағы функциясын атқаратын филиалдары Мансап орталығы болып аталады.


Мансап орталықтары мынадай санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтиды:


- жұмыс іздеген адамдарды;


- жұмыссыздарды;


- жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі;


- қандастарға көмек көрсетеді.


Айта кетейік, қолданыстағы бұйрықтың талабы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтары қандастарды жұмыспен қамту шараларын жүзеге асырмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40