Халықты ауылда қалдыру жолдары қарастырылады

Халықты ауылда қалдыру жолдары қарастырылады
Сурет:Оrda.kz

Бұл туралы  «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы 2025 жылға дейін бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Біздегі даму жобасы ауыл тұрғындарының  табысын кәсіпкерлік арқылы арттыру. Ең алдымен біз әрбір ауылдық жерлерге screening жүргіземіз. Одан аймақтың әлеуеті қандай екенін анықтаймыз. Мәселен,   ауылды мекенде қанша жобаны іске асыра аламыз, ол жер аудан орталығына жақын ба? Жеп-шөп қоры мол ма?  Бір жарым айға жуық уақытта өңірге screening жұмысын жүргізген кезде осы дағдылар ескерілетін болады. Осы жобаға орай өңірлердің әкімдерін оқытып жатырмыз», - деді   ол ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған баспасөз мәслихатында.

Партия хатшысының атап өтуінше, жергілікті ауылды мекендерге screening жасалып болғаннан кейін, экономикалық бағдарлама енгізіледі. Одан кейін әрбір отбасының табысы қанша пайызға көтерілетіні есептеледі.

Қазіргі мақсатымыз мемлекеттік жобалар ішінен халыққа дұрыс бір бағытты көрсету болып отыр. Менің ойымша, ұсынылып отырған жобаның болашағы зор. «Ауыл аманаты» халықты ауылда қалдырудың негізігі инструменті ретінде қабылдасақ болады. Қазіргі басты проблема ауыл халқының қалаға көшуін тоқтатау. Ол  үшін елді мекендердің экономикалық потенциалын білуміз қажет. Сол арқылы халықтың табысын арттыра аламыз, - деді Эльдар Жұмағазиев.