Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Сурет: Ашық дереккөз

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға орай Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Осыған орай, Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалынан хабарлағандай, автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Алматы қаласында автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайы:

Алматы қаласының № 1 мамандандырылған ХҚО - "Саялы" ш/а, Аққайнар көшесі, 1

Алматы қаласының № 2 мамандандырылған ХҚО – Майлин көшесі, 85

Алматы қаласының № 5 мамандандырылған ХҚО – Құлжа даңғылы, 9К

Алматы қаласының № 6 мамандандырылған ХҚО – "Кемел" ш/а., Ақсуат көшесі, 118

Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.