Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар алты медаль иеленді

Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар алты медаль иеленді
Сурет: Egemen.kz

Өткен жылы осы білім сайысында оқушыларымыз 3 медаль иеленсе, биыл 6 медальға қол жеткізді. 

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», -  деп жазды Асхат Аймағамбетов.