Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға тегін түсе алады

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға тегін түсе алады
Сурет: Tengrinews.kz

Олар ҰБТ тапсырудан босатылады.

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары жоғары оқу орындарында тегін оқи  алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info-ға cілтеме жасап.

«Таяуда ғана еліміздің түкпір-түкпірінен келген халықаралық олимпиаданың биылғы жеңімпаздарын қабылдап, оларға 4,7 млн-ның сертификатын табыс еттім. Енді бұл балалар ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алып отыр. Осылайша, біздің мемлекет дарынды балаларға қолдау көрсетуде. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді министр.