Халықаралық олимпиада жеңімпаздары тегін оқи алады

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары тегін оқи алады Сурет: Kaznu.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов жазды.


Олар  ҰБТ тапсырмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Енді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегелері университетте тегін оқи алады.



«Жаңа бұйрық бекітілді. Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат жеңімпаздар мен жүлдегерлерге отандық ЖОО-да бейінді бағытта білім алу үшін гранттар бөлуге мүмкіндік береді», - деді министр.



Оның айтуынша, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында заңнамаға өзгерістер енгізілген.



«Енді беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37