Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан жаңа салмақ дәрежелерін бекітті

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан жаңа салмақ дәрежелерін бекітті
34355.ru

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бокстан олимпиадалық іріктеу турнирлерінде жаңа салмақ дәрежелерін бекітті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Париж-2024 Олимпиадасында бокс жарыстары ерлер арасында жеті салмақта, әйелдер арасында алты салмақта өтеді.

Ерлер арасындағы салмақ дәрежесі: -51 кг, -57 кг, -63,5 кг, -71 кг, -80 кг, -92 кг, +92 кг.

Әйелдер арасындағы салмақ дәрежесі: -50 кг, -54 кг, -57 кг, -60 кг, -66 кг, -75 кг.

Токиодағы Олимпиада ойындарында боксшылар ерлер арасында сегіз салмақ, әйелдер арасында бес салмақта бақ сынаған.