Халықаралық оқ ату турнирінде армия спортшылары алты медаль жеңіп алды

Халықаралық оқ ату турнирінде армия спортшылары алты медаль жеңіп алды
Сурет: Министрлік

Чемпионат аясында түрлі жаттығулар бойынша 25 медаль сарапқа салынды

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Орталық кеңесінің ашық чемпионатында оқ атудан сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Алматы қаласының «Отан» атқыштар тирі базасында өткен турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 150-ге жуық спортшы, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубының төрт өкілі қатысты.

– Бұл жарыстың деңгейі өте жоғары, өйткені шетелдік спортшылар, түрлі күштік құрылымдардың өкілдері қатысады. Бұл жоғары бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Біздің спортшылар жүз пайызға жақсы нәтиже көрсетті, –деп атап өтті команданың жаттықтырушысы сержант Ольга Важнина.  

Чемпионат шеңберіндегі түрлі жаттығуларда барлығы 25 медаль жиынтығы ойналды.

Орталық спорт клубының өкілі Елена Фейнберг шағын калибрлі (МП-5) және пневматикалық тапаншалардан (ПП-mix) атудан 2 алтын медаль жеңіп алды. Лейтенант Жанел Серікбаева кіші калибрлі мылтықтан ату мен МВ-5 және МВ-9 жаттығуларында ерекшеленіп, тиісінше күміс, қола медальді иеленді. Дарья Калинина кіші калибрлі мылтықтан (МВ-9) ату кезінде команданың қоржынына «күміс» әкелсе, сержант Диана Харченко шағын калибрлі тапаншадан (МП-5) ату жаттығуында қо меджальді місе тұтты.