Халықаралық коалиция Сириядағы лаңкестер жетекшілерінің бірін ұстады

Халықаралық коалиция Сириядағы лаңкестер жетекшілерінің бірін ұстады Cурет: Inform.kz

АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскері Сирияда арнайы операция жүргізу нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) лаңкестік тобының жоғары шенді жетекшісін ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Коалиция мәлімдемесі бойынша  «Айнымас шешім» (CJTF-OIR) деп аталатын халықаралық коалиция күштері 16 маусымға қараған түні Сирияның солтүстігінде ИМ-нің жоғары лауазымды жетекшісін ұстау үшін лаңкестікке қарсы операция жүргізді.



 «Тұтқынға алынған адам – тәжірибелі бомба жасаушы және ИМ-нің сириялық бөлімшесіндегі жоғары басшылардың біріне айналған жедел делдал», - делінген хабарламада. Коалиция операцияның сәтті өткенін, бейбіт тұрғындарды қоса алғанда ешкім зардап шекпегенін жариялады. Сондай-ақ, коалиция күштеріне, соның ішінде ұшақтар мен басқа да мүлікке зиян келмегенін мәлімдеді. «Коалиция күштері түпкілікті жою үшін ИМ-нің қалған мүшелері қайда жасырынса да, іздеуді жалғастырады», - деп мәлімдеді коалиция басшылығы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06