Халықаралық білім олимпиадаларының жеңімпаздарына сыйақы беріледі

Халықаралық білім олимпиадаларының жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Сурет: Tengrinews.kz

ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беру қарастырылып жатыр.

Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс медаль иегерлеріне 1000 АЕК, қола медаль иегерлеріне 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың сөзіне сілтеме жасап.

Вице-министр Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында министрлік заңнамаға енгізілетін түзетулерді дайындағанын атап өтті.

«Олар халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді көздейді. Бастысы, біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс медальға 1000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр», - деді бірінші вице-министр.